Accessibility links

Агенттік: Сарбаз 14 шекарашыны өлтіргенін мойындады


"Арқанкерген" шекара постындағы оқиғада аман қалған шекарашы Владислав Челах қаза тапқан 14 шекарашыны өлтіргенін мойындады деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Алматы облыстық әкімдігіндегі сенімді адам агенттікке "Челах кінәсін мойнына алды" деген.

Сейсенбіде ақпарат құралдары Арқанкерген постына аттанған 15 шекарашыдан аман қалған жалғыз сарбаз - әскерге Қарағанды облысынан шақырылған 19 жастағы Владислав Челах екенін хабарлаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамырдың 30-ында «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасында 12 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылғанын, Арқанкерген посты өртенгенін хабарлаған еді. Маусымның 1-інде, тағы екі сарбаздың сүйегі табылған соң, барлығы 14 шекарашы мен бір қорықшы өлгені анықталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG