Accessibility links

Ақтөбелік "жеңгетай" тұтқындалды


 Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.
Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.
Ақтөбеде оқушы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрледі деген күдік бойынша 33 жастағы әйел соттың санкциясымен тұтқынға алынды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқушыларды жезөкшелікке мәжбүрлеген 33 жастағы ақтөбелік әйелдің есімі -Шолпан. Ол «жеңгетай» болған қыздардың ең кішісі - 14 жаста. Жезөкшелікпен айналысқандардың арасында 16, 17 жастағы қыздар да бар. Айыпталушы жыныстық қызметі үшін оқушы қыздарға әр жолы 15 мың теңгеден беріп отырған» деп хабарлады Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Алмат Иманғалиевтің айтуынша, «жеңгетаймен» сыбайлас болуы мүмкін деген күдікпен қазір Ақтөбедегі гинекологиялық кабинеттердің бірі тексеріліп жатыр. Өйткені тергеу кезінде Шолпан аталмыш кабинетте жезөкше қыздарға операция жасатып, «пәктігін» қайта қалпына келтіріп отырғанын "мойындаған".

Азаттық радиосы бұған дейін ақтөбелік оқушы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ туралы хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG