Accessibility links

Жаңаөзендегі газ өңдеу заводында өрт болды


Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет.
Өрт сөндірушілер. Көрнекі сурет.
Жаңаөзенде «Қазақ газ өңдеу зауытында» өрт болды деп хабарлайды жергілікті Lada.kz басылымы.

Бұл жайында басылымға түсінік берген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Хайрошевтің сөзіне қарағанда, 6 маусымда кешкі сағат он жарым шамасында зауыттың компрессорлық цехында алдымен жарылыс болып, одан кейін өрт тұтанған. Цехтың 44 жастағы операторын күйік шалып, оған ем көрсетіліп жатыр.

Өртті сөндіруге қосымша арнайы 11 техника жұмылдырылып, түнгі сағат 1 шамасында сөндірілген.

Заводтың облыс экономикасындағы рөлі ерекше. Республиканың біраз облысын сығымдалған тұрмыстық газбен және автокөліктерге арналған газбен қамтамасыз етеді. Маңғыстау атом энергиясы комбинатының қазандықтары да осы зауыттың газымен жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG