Accessibility links

Дамаск Хамада 86 адамның қаза тапқанын жоққа шығарды


Хула қаласында құрбан болған 108 адамның мәйіті. Хомс провинциясы, 26 мамыр 2012 жыл.
Хула қаласында құрбан болған 108 адамның мәйіті. Хомс провинциясы, 26 мамыр 2012 жыл.
Сирия үкімет бейсенбіде Хамада 86 адамның өлтірілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сирияның оппозициялық белсенділері сәрсенбі күні кешке орталық Хама провинциясының әл-Кувейр ауданында үкімет әскерінің танкілермен үдете шабуылдауы кезінде 86 адам қаза тапқанын хабарлаған еді.

Оппозицияның дерегі бойынша, құрбан болғандардың арасында 20 бала мен 20 әйел бар. Белсенділердің бірі BBC телеарнасына құрбан болғандардың көпшілігі үкіметтік "Шахиба" жасағы сарбаздарының қолынан өлгенін айтқан.

Ал Дамаск тек Хамада "террористер өлтірген 9 адамның денесі ғана табылғанын" хабарлады.

Бұдан екі апта бұрын Хомс провинциясының Хула қаласында да қақтығыс кезінде108 бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. Ол кезде де Сирия үкіметі мен оппозиция қырғынға бір-бірін кінәлаған. Ал халықаралық қауымдастық қырғынға Башар әл-Асад режимін айыптаған.
XS
SM
MD
LG