Accessibility links

Челахқа туыстарымен кездесуге рұқсат берілмеді


Владислав Челахтың атасы Владимир Челах.

Владислав Челахтың атасы Владимир Челах.

Арқанкерген шекара бекетіндегі серіктерін "өлтіргенін мойындады" делінген сарбаз Владислав Челахқа тергеу біткенше туыстарымен кездесуге рұқсат берілмеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Қарағандылық Владислав Челахтың атасы Владимир Челахтың айтуынша, үйіне прокурор келіп, барлық туыстарынан түсініктеме жаздырып, немересінің әскерде түскен суреттерін алып кеткен. Туыстарына Владислав Челахпен тергеу аяқталғанша кездесуге рұқсат жоқ екенін, бірақ тергеу ақпараттарынан хабардар етіп отыратынын айтқан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 6 маусымда Арқанкерген постында тірі қалған жалғыз сарбаз Владислав Челахтың шекарашы 14 серігін "өлтіргенін мойындағанын" хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG