Accessibility links

ШЫҰ Иран мен Сирияға қатысты ұстанымын білдірді


ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары саммитте отыр. Пекин, 7 маусым 2012 жыл.

ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары саммитте отыр. Пекин, 7 маусым 2012 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің басшылары "әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіреді" деп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешуде қандай да бір күш қолдануды қолдамайтындарын мәлімдеді.

Пекинде өтіп жатқан ұйымның екі күндік саммитінде мүше елдер - Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері бұл туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде президенттер Сириядағы кез-келген зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырып, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы оқиғаларға алаңдайтындарын айтты.

Саммит барысында Ауғанстанға ұйымға бақылаушы ретінде қатысу мәртебесі берілді. Саммит бүгін аяқталады.
XS
SM
MD
LG