Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ауғанстанға барды


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Кабул әуежайында. Ауғанстан, 7 маусым 2012 жыл.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Кабул әуежайында. Ауғанстан, 7 маусым 2012 жыл.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта бейсенбіде ресми сапармен Ауғанстанға барды. Мұнда ол Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы генерал Джон Алленмен, АҚШ-тың Кабулдағы елшісі Райан Крокермен және осы елдің қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардакпен кездеспек.

Кездесуде Панетта НАТО әскері мен жергілікті үкімет күштерінің бүлікшілерге қарсы күрес барысын қадағаламақ. НАТО әскерінің 2014 жылы елден шығуға дайындық мәселесі де талқыланады.

Министр барғанға дейін елдің оңтүстігінде үш жанкешті шабуыл жасап, 22 адам мерт болды, 50 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG