Accessibility links

Прокуратура: Челахтың серіктерін өлтіруіне себеп - ішкі қақтығыс


Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.

Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков. Астана, 10 желтоқсан 2009 жыл.

Қазақстанның бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бейсенбіде брифинг өткізіп, "Арқанкерген постындағы шекарашы Владислав Челах 14 серіктесін өлтіргенін мойындады" деп ресми түрде хабарлады.

Оның айтуынша, Челахтың серіктерін өлтіруіне "ішкі қақтығыс пен ақыл-есінің күңгірттене бастауы" себеп болған.

"Челахтың өзі қылмыс жасағанда сыбайласы болғанын жоққа шығарды. Ол қылмысын 28 мамырда таңғы сағат 5 шамасында жасағанын мойындады" деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Бас прокуратура өкілі Владислав Челахтың сот санкциясымен тұтқындалғанын айтты.
XS
SM
MD
LG