Accessibility links

Украина мен Польшада Еуропа чемпионаты басталды


Украинадағы Еуропа чемпионатының логотипі бейнеленген гүлзар. Киев, 8 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Украинадағы Еуропа чемпионатының логотипі бейнеленген гүлзар. Киев, 8 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін басталған футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында Украина президенті Виктор Янукович ел тұрғындарына чемпионат пен оған келетін қонақтарды қонақжайлылықпен қабылдауларын сұрап, елде жарысқа арнап салынған жылдамдығы жоғары поезд бен басқа да инфрақұрылымдардың іске қосылғанын айтты.

Ал Польша премьер-министрі Дональд Туск елдегі алғашқы қара нәсілді депутат Джон Годсонмен бірге тамақтанды. Сарапшылар премьер бұл арқылы футбол матчтары кезінде нәсілдік дискриминация болуы мүмкін деген үрейді сейілтуге тырысты дегенді айтады.

Еуропа кубогы бүгін, 8 маусымда Польшада басталады. Алғашқы күні Польша мен Грекия, Ресей мен Чехия құрамалары кездеседі.

Украинадағы алғашқы матчтар 9 маусымда ойнала бастайды. Мұнда Нидерланд пен Дания, Германия мен Португалия құрамалары кездеседі.

Чемпионат 1 шілдеде аяқталады.
XS
SM
MD
LG