Accessibility links

Шенген аймағы виза тәртібін енгізуге келісті


Румынияның шекара офицерлері. 18 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Румынияның шекара офицерлері. 18 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің ішкі істер министрлері заңсыз иммиграциямен күресу үшін Шенген аймағында визалық бақылау орнату тәртібін енгізуге келісім жасасты.

Жаңа келісім визасыз режим орнаған ЕО-ның 26 мемлекетіне заңсыз миграцияға қатысты проблемалар туындағанда бір жылға дейін өзара өткізу-тексеру бекеттерін қайта орнатуға мүмкіндік береді. Құжат тексеру тәртібін енгізуді негізінен Франция мен Германия талап еткен болатын.

Бірақ бұл ережеге о бастан қарсы болған ЕО-ның ішкі істер комиссары Сесилия Мальстрим өзгерістің қабылданғанына өкініш білдірді. Еуропа парламентінің төрағасы Мартин Шульц ережені "пайдасы жоқ" деп атап, оған қарсы күресетінін айтты.
XS
SM
MD
LG