Accessibility links

Министрлік: 101 түлек ҰБТ-ға қатыстырылмады


Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырауда. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл.

Мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырауда. Алматы, 25 мамыр 2012 жыл.

Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) басталған бір аптаның ішінде сынақ тапсыру ережесін бірнеше рет бұзған 101 түлек сынақтан шығарылды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік жеті күннің ішінде ҰБТ тапсыруға өтініш берген 118 мың 772 түлектің 115 мың 47-сі тест тапсырғанын айтады.

ҰБТ 1-15 маусым аралығында республиканың арнайы жабдықталған 154 пунктінде өткізіледі. Оның ішінде 107 пункт - аудан орталықтары мен қалалардағы мектептерде, 47-сі облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларындағы университеттерде орналасқан.
XS
SM
MD
LG