Accessibility links

БҰҰ балалар өлімі туралы есебін жариялады


Конголық босқындар лагеріндегі балалар тамақ сұрап, қол жайып тұр. (Көрнекі сурет).

Конголық босқындар лагеріндегі балалар тамақ сұрап, қол жайып тұр. (Көрнекі сурет).

БҰҰ жұма күні жариялаған есебінде әлемде жылына 2 миллионнан астам бала өкпе қабынуы мен диарея ауруынан шетінейтінін мәлімдеді .

БҰҰ-ның халықаралық балаларға көмек көрсету қорының (ЮНИСЕФ) сарапшыларының айтуынша, бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлімнің басты себептерінің бірі осы аурулардан болып отыр.

Ал бұл аурулар кедейшілікке ұшыраған және өмір сүру деңгейі төмен елдерде кең таралған. Пәкістан, Үндістан және бірқатар Африка елдерінде қарапайым гигиеналық талаптардың сақталмауы мен сапалы ауыз судың тапшылығы балалардың осы аурулардың құрбанына айналуға себеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG