Accessibility links

Қытай Ауғанстанда қауіпсіздікті күшейтуге қаржы бөледі


Ауғанстан президенті Хамид Карзай Қытайға сапары кезінде. Пекин, 8 маусым 2012 жыл.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Қытайға сапары кезінде. Пекин, 8 маусым 2012 жыл.

Қытай Ауғанстанға түрлі жобаларды қаржыландыруға 24 миллион АҚШ долларын бөлуге уәде берді.

Бұл туралы Пекинде Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен кездескен Қытай халық республикасының төрағасы Ху Цзиньтао мәлімдеді. Қытай негізінен Ауғанстанда шекарадағы қауіпсіздікті нығайту мен түрлі аурулардың таралуына қарсы күреске көмек көрсетпек.

Сарапшылар 2014 жылдың соңында НАТО әскері шығарылған соң Ауғанстанда Қытай өз ықпалын арттыруы мүмкін дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG