Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО әскері басшысы кешірім сұрады


АҚШ пен НАТО әскерінің Ауғанстандағы қолбасшысы генерал Джон Аллен. Вашингтон, 22 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ пен НАТО әскерінің Ауғанстандағы қолбасшысы генерал Джон Аллен. Вашингтон, 22 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ пен НАТО әскерінің Ауғанстандағы қолбасшысы генерал Джон Аллен сәрсенбі күнгі әскери операция кезінде осы елдің Логар уәлаятында бейбіт тұрғындардың қаза тапқанына байланысты кешірім сұрады.

Жұма күні уәлаят басшысымен кездескен Алленнің айтуынша, оның өзі де, қарамағындағы адамдар да "оқиғаға байланысты қатты өкінеді".

Генерал Логардан кеткен соң НАТО әскері басшылығы мәлімдеме жариялап, тексеру барысында соққыдан бұл аудандағы содырлар ғана емес, бейбіт тұрғындар да қаза тапқаны анықталғанын айтты.

Ауған билігінің айтуынша, НАТО-ның сәрсенбі күнгі таңғы әуе шабуылынан 18 бейбіт тұрғын қаза болған, олардың жартысы - балалар.

Түнгі әуе шабуылдары халықаралық коалиция мен ауған президенті әкімшілігі арасындағы қарым-қатынасты ширықтырып келеді.
XS
SM
MD
LG