Accessibility links

Сирияның Дераа қаласында 17 адам мерт болды


Үкімет әскері танкіне жарылғыш лақтырып тұрған адам. Дераа, 25 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Үкімет әскері танкіне жарылғыш лақтырып тұрған адам. Дераа, 25 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Сирияның оңтүстігіндегі Дераа қаласын үкімет әскері атқылаған кезде кем дегенде 17 адам (оның тоғызы - әйел, үшеуі - бала) мерт болды, он шақты адам жараланды.

Лондондағы Сирия құқық қорғаушыларының айтуынша, әскер бұған дейін ел президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап еткен оппозиция шерулері өткен аудандарды атқылаған. Олар қазір Дераада телефон байланысы да жоқ екенін айтады.

Белсенділердің дерегіне қарағанда, жұма күні Сирияда бейбіт тұрғындар, әскерилер, қарулы оппозиция өкілдері - жиыны 70-ке тарта адам қаза болды.

Кеше халықаралық бақылаушылар сәрсенбі күні 55 шамалы адам мерт болған әл-Кубейр деген жерге барып қайтқан. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның айтуынша, алдын-ала тексеру нәтижелері әл-Кубейрдегі қырғынға билік әскерінің қатысы барын дәлелдейді.
XS
SM
MD
LG