Accessibility links

Ауғанстанда төрт француз сарбазы мерт болды


Франция президенті Франсуа Олланд Каписадағы француз сарбаздарымен сөйлесіп тұр. Ауғанстан, 25 мамыр 2012 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд Каписадағы француз сарбаздарымен сөйлесіп тұр. Ауғанстан, 25 мамыр 2012 жыл.

Франция президенті Франсуа Олландтың баспасөз қызметі Ауғанстанның Каписа уәлаятындағы содырлар шабуылынан төрт француз сарбазы көз жұмғанын растады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлер бүгін НАТО колоннасының жолында өзін-өзі жарып жіберген жанкештінің кесірінен қайтыс болған. Тағы үш сарбаз жараланған, олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр.

Франция президенті Франсуа Олланд бұл оқиғаға қайғыратынын, жексенбі күні Ауғанстанға қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дрианды жіберетінін айтты.

Каписадағы шабуылдың жауапкершілігін талибтер мойынына алды.
XS
SM
MD
LG