Accessibility links

Египетте митингіге шыққан әйелге шабуыл жасалды


Каирдегі шерулердің біріне қатысып тұрған әйел адам. Египет, 16 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Каирдегі шерулердің біріне қатысып тұрған әйел адам. Египет, 16 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Каирде бір топ ер адам жыныстық бопсалауға қарсы шеруге қатысқан әйелге шабуыл жасады. Тахрир алаңында өтіп жатқан шеруге келген ондаған адам қарсылық акциясы кезінде әйелдерге тиісетін әрекетке наразылық танытқан еді.

Associated Press тілшісі бұл аптада екі жүздей адамның жалғыз әйелді мазақтағанына куә болған.

Мұндай шабуылға тап болған адамдар "жабыла қорлап, мазақтаушылар елдегі демократиялық өзгерісті жақтайтын әйелдерді қорқытпақ" деп түсінеді.

Египеттегі әйел құқы жөніндегі орталықтың дерегіне қарағанда, елдегі әйелдердің үштен екісі мұндай мазаққа душар болған.
XS
SM
MD
LG