Accessibility links

Иракта жарылыстан мұнай құбыры бүлінді


Ирактағы мұнай құбырын тексеріп жүрген маман. (Көрнекі сурет)

Ирактағы мұнай құбырын тексеріп жүрген маман. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ирактың солтүстігінде жарылыстан Киркук қаласы маңындағы, күніне 170 мың баррель мұнай өндіретін Бай Хассан кенішімен жалғап тұрған мұнай құбыры бүлінді.

Билік өкілдері жарылысты "іріткі салу" деп, оның шығыны көп болмағанын айтты.

Ирактың солтүстігіндегі мұнай орындарынан шыққан өнім құбыр арқылы Киркук қаласына келіп, одан әрі Түркияның Жейхан қаласына тасымалданады.
XS
SM
MD
LG