Accessibility links

Шекарашылардың сүйектері үйлеріне жөнелтілді


Арқанкерген постында қаза тапқан Алтынбек Кереев. Марқұмның суреті "Уральская неделя" газетінен алынды. 5 маусым 2012 жыл.

Арқанкерген постында қаза тапқан Алтынбек Кереев. Марқұмның суреті "Уральская неделя" газетінен алынды. 5 маусым 2012 жыл.

Арқанкерген шекара бекетінде қайтыс болған шекарашылардың көбінің сүйегі үйлеріне жіберілді деп хабарлайды "Қазақпарат".

Әскерге Атырау облысынан шақырылған Мейірхан Именов, Данияр Балғабаев, Жеңіс Сағынғалиев, Бекзат Әмірғалиевтердің сүйектері ауылдарына бүгін жетеді.

Алматы облысының азаматтары Ерлан Әкішов, Талғат Сәрсенбаев пен Рүстем Ақылбаев ертең жерленбек.

Жамбыл облысынан аттанған Жанат Ілиясов пен Нұржан Үсіпәлиевтердің денелері де Таразға аттандырылды.

Капитан Алтынбек Кереевтің сүйегі Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданына Мерей ауылына ертең жетеді.

Ақтөбелік Қамбар Ағанастың мәйітін еліне бүгін апаруы керек.

30 мамыр күні Арқанкерген шекара бекетінен 14 шекарашы мен бір қорықшының сүйегі табылған еді. Бас прокуратура аман қалған сарбаз Владислав Челахтың "ол қылмысты жасағанын мойындағанын" хабарлаған.
XS
SM
MD
LG