Accessibility links

Қырғызстан Ош оқиғаларын еске алды


Ош қаласындағы 2010 жылғы қанды оқиға құрбандарын еске алу ескерткіші
Ош қаласындағы 2010 жылғы қанды оқиға құрбандарын еске алу ескерткіші
Бішкек жексенбі күні екі жыл бұрын елдің оңтүстігінде болған этникалық қақтығысты еске алды. Ош оқиғалары кезінде 400 адам өліп, мыңдаған жұрт қоныс аударған еді.

Қырғызстан үкіметі 10 маусымды Ұлттық еске алу күні деп жариялады. Бішкекте өтетін арнайы шараға елдің премьер-министрі Омурбек Бабанов пен басқа да лауазымды адамдар қатыспақшы.

2010 жылғы қақтығыстың ошағы болған Ош қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жергілікті полиция қалаға кіріп-шығушылардың құжаттарын тексеріп жатыр.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары екі жыл бұрын қырғыздар мен өзбектердің арасында Ош аймағында басталған қанды қақтығыс туралы егжей-тегжейлі мәлімет әлі анықталған жоқ деп санайды.
XS
SM
MD
LG