Accessibility links

Еуро елдері Испанияға 100 миллиард доллар бөлді


Испанияның қаржы министрі Луис Де Гиндос парламентте отыр. Мадрид, 7 маусым 2012 жыл

Испанияның қаржы министрі Луис Де Гиндос парламентте отыр. Мадрид, 7 маусым 2012 жыл

Еуро аймағына кіретін елдердің бірқатар шенеуніктері мен халықаралық қаржы институттары еуро-зонаның Испанияға 100 миллиард АҚШ доллары көлемінде дотация жасағанына разышылық танытып, құптап жатыр. Демеу қаржы бұл елдің дағдарысқа ұшыраған банк жүйесін қалпына келтіруге жұмсалмақшы.

Мамандар бұл әрекетті еуро аймағының қаржы саясатындағы бірлікті сақтау және экономикалық дағдарысты тереңдетпеуге ұмтылу деп бағалады.

Еуро-зонаның сенбі күнгі шұғыл отырысына қатысқан Францияның қаржы министрі Пьер Московичи бұл шешімді 17 мүше-елдің ауызбірлігінің белгісі деп санайды. Испанияның қаржы министрі Луис Де Гиндос ресми түрде дотация сұрап, өтініш түсіргесін Мадридке онсыз да демеу қаржы алу туралы ұсыныс айтып келген еуро аймағының елдері бір ауыздан шешім қабылдаған.

Де Гиндос демеу қаржы туралы келісімге сәйкес Мадридке экономикалық реформалар жасау, я басқа да қандай бір қатаң талап-тілек қойылмаған. Еуро-зона Грекия, Ирландия мен Португалияға дотация бөлгенде қатаңырақ шарт жасасқан еді.
XS
SM
MD
LG