Accessibility links

Ливияда қақтығыс болып, 16 адам қаза тапты


Ливияның картасы. Көрнекі сурет.
Ливияның картасы. Көрнекі сурет.
Ливияның оңтүстігіндегі Куфра қаласында үкімет күштері мен жергілікті тайпалық топтар арасында қақатығыс болып, 16 адам қаза тапты.

Ұрыс осымен екінші күн жүріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, құрбан болғандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Куфрадағы операция жергілікті қарулы топтар үкімет әскерінің автокөліктерін тартып алмақшы болып, блок постына шабуыл жасаған соң басталған. Бірақ тубу тайпасының өкілдері өздеріне шабуыл жасалғанын мәлімдеп отыр.

BBC-дің хабарлауынша, қақтығыс осы аймақтағы контрабандалық жолдарға бақылау жасау мақсатындағы күреспен байланысты болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG