Accessibility links

Рахат Әлиевтің туысы Қазақстанға қарсы сотта жеңілді


Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, шетелде қуғында жүрген Рахат Әлиев.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, шетелде қуғында жүрген Рахат Әлиев.

Инвестициялық дауларды реттейтін халықаралық арбитрлік сот президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, шетелде қуғында жүрген Рахат Әлиевтің туысының Қазақстаннан 1.2 миллиард АҚШ долларын өндіріп алу туралы арыз-шағымын қанағаттандырмай тастады.

Әділет министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, шағымды Қаратөбе мұнай кен орнында барлау және өндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан Caratube International Oil Company LLP (CIOC) компаниясы түсірген. Компанияның шартты иесі - Рахат Әлиевтің құдасы, АҚШ азаматы Девинчи Хурани. Қазақстан бірнеше жыл бұрын келісім-шарт талаптарын бұзды деп компаниямен жасалған келісімді бұзған болатын. Ал осыдан төрт жыл бұрын компания мен Қазақстан үкіметі арасында арбитрлік сот басталған.

Компания шағымында Қазақстан үкіметінен 1.2 миллиард АҚШ долларын өндіріп алуды сұраған. Бірақ арбитрлік сот талаптан бас тартып, компанияны арбитрлік сот ісіне кеткен шығыны үшін Қазақстанға 3.2 миллион АҚШ долларын төлеуге міндеттеген.

Сот отырыстары негізінен Парижде өтті.

Девинчи Хурани - Рахат Әлиевтің қарындасына үйленген Иссам Хуранидің бауыры.
XS
SM
MD
LG