Accessibility links

Назарбаев: Жаңаөзенге бөлінген қаржы тиімді жұмсалсын


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановты қабылдады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде Назарбаев "Жаңаөзен қаласының дамуына бөлінген қаржы тиімді түрде игеріліп, тұрғындар оның нақты игілігін көруі тиіс" деді.

"Мұхамеджанов президентке облыстағы қазіргі жағдай туралы баяндап, аймақтағы жағдайдың тұрақты екенін, әлеуметтік экономикалық тұрғыдан даму байқалып отырғанын атап өтті" делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
XS
SM
MD
LG