Accessibility links

Қырғызстанда елдегі ең үлкен мешіт ашылды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2010 жылы маусымда Ошта болған этникалық қырғынға арналған жиында сөйлеп тұр. Ош, 10 маусым 2012 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2010 жылы маусымда Ошта болған этникалық қырғынға арналған жиында сөйлеп тұр. Ош, 10 маусым 2012 жыл.
Дүйсенбіде Қырғызстанда 2010 жылы 10 маусымда Ош пен Жалалабад қалаларында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында болған қырғынның екі жылдығына орай елдегі ең үлкен мешіт ашылды.

Ош қаласында салынған мешіттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген президент Алмазбек Атамбаев халыққа "исламның бірлікке бастайтын дін екенін" айтып, Қырғызстанның әрбір азаматы "бір ғана ұлттың өкілі екенін" есінен шығармауы тиіс екенін айтты. 2010 жылдың 10 маусымында Ош қаласында қырғыздар мен этникалық өзбектер арасында қақтығыс болып, 400-ден астам қаза тапқан болатын. Тәртіпсіздік кезінде жүздеген үй-жай өртенген.

Мешітке бір мезгілде 20 мың адам сияды. Мешіт жергілікті тұрғындардың жинаған ақшасына және Түркия мен Сауд Арабиясы үкіметтерінің қаржылай қолдауымен салынған.
XS
SM
MD
LG