Accessibility links

Албания парламенті президентті сайлады


Албанияның оппозициялық Социалистік партиясының жетекшісі Эди Рама.

Албанияның оппозициялық Социалистік партиясының жетекшісі Эди Рама.

Албания парламенті төртінше рет дауыс беру арқылы ішкі істер министрі Буяр Нишаниді елдің жаңа президенті етіп сайлады. Мұның алдындағы үш рет дауыс беру кезінде басқарушы коалиция мен оппозицияның президенттікке үміткер ұсыну мәселесінде келісімге келе алмаған еді.

Буяр Нишани шілдеде бес жылдық өкілетті мерзімі аяқталатын Бамир Топидің орнына келеді. Оны Демократиялық партия бастаған үкімет басшысы Сали Бериша ұсынған. Нишаниді 140 депутаттың 73-і қолдап дауыс берді.

Оппозициялық Социалистік партияның өкілдері дауыс беру жиынына қатысқанымен, дауыс беруден қалыс қалды. Социалистік партияның жетекшісі Эди Раманың мәлімдеуінше, президенттікке басқарушы партияның атынан ғана жалғыз үміткер ұсыну Албанияның Еуропа Одағына кіруіне нұқсан келтіреді.
XS
SM
MD
LG