Accessibility links

Нобель сыйлығының қаржысы азаятын болды


Нобель сыйлығын алған адамдарға берілетін ақшалай сыйлық көлемі 20 пайызға - 10 миллион швед кронынан 8 миллионға дейін кемитін болды. Бұл 1 миллион 120 мың АҚШ долларын құрайды.

Нобель сыйлығы қорының мәлімдеуінше, ұйымның соңғы жылдары сыйлық тағайындауға жұмсалатын шығыны инвестициядан түсетін дивиденттен асып кеткен. Сыйлықтың биылғы иегерлеріне енді 8 миллион швед кроны көлеміндегі қаржы беріледі.

Ғылым, әдебиет және бейбітшілікті сақтау ісіне үлес қосқан адамдарға берілетін Нобель сыйлығы 1901 жылы тағайындалған. Оның бастапқы капиталы - динамитті ойлап тапқан Альфред Нобель өсиет етіп мұраға қалдырған қаржы болған.
XS
SM
MD
LG