Accessibility links

Үшарал жолында лауазымды әскербасы қаза тапты


Жол апатына ұшыраған көлік. Көрнекі сурет.

Жол апатына ұшыраған көлік. Көрнекі сурет.

Үшарал-Достық жолының бойындағы көлік апатында Қазақстанның құрлық күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Дәурен Кенжебаев қаза тапты деп хабарлайды қорғаныс министрлігіне сілтеген "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Бұған дейін 9 маусымда үш әскери қызметкер келе жатқан "Мерседес" көлігінің суармалы каналға түсіп кетіп, бір әскеридің қаза тапқаны және екіншісінің жараланғаны хабарланған болатын. Ал 26 жастағы жүргізуші аға лейтенант Алмат Назан із-түссіз жоғалып кеткен.

Қорғаныс министрлігі Кенжебаевтың 9 маусымда Үшарал-Достық жолында жол апатынан қаза тапқанын растаған. Ал жоғалып кеткен үшінші әскери қызметкер іздестіріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG