Accessibility links

БҰҰ Сирияны балаларға байланысты айыптады


Идлиб провинциясында Сирия билігіне қарсы ұрандар көтерген балалар шеруде тұр. Сирия, 30 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Идлиб провинциясында Сирия билігіне қарсы ұрандар көтерген балалар шеруде тұр. Сирия, 30 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сирия әскерлері балаларды әскери операцияларда "тірі қалқан" ретінде пайдаланып, оларды тұтқындап, азаптайды деп мәлімдеді БҰҰ сейсенбі күні.

Құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, өткен жылдың наурыз айынан бері елде 1 мың 200-ге тарта бала қаза тапқан.

12 маусымда (халықаралық бала еңбегін қанаумен күрес күні) жария етілген баяндамада 9 наурызда Идлиб провинциясының Айн әл-Аруз елді мекенінде болған қырғын айтылады. Үкімет әскері ол кезде елді мекенді төрт күн бойы қоршап, балаларды "тірі қалқан" ретінде пайдаланған.

БҰҰ-ның қарулы қақтығыс аймақтарындағы балалар ісі жөніндегі өкілі Радхики Кумарасвамидің сөзіне қарағанда, Сирияның қарулы көтерілісшілері балаларды санитар ретінде пайдаланады. Бірақ сонда да балаларға қақтығыстың алдыңғы шебінде жүруге тура келеді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун баяндаманы "балаларға қатысты жасалып жатқан үлкен қылмыстардың дәлелі" деп атады. Ол бұған қоса Сирия билігінен БҰҰ бақылаушыларын Латакия провинциясының Хаффа қаласына кіргізуге рұқсат етуді талап етті. Бақылаушылар "бұл қалада дүйсенбі күні бейбіт тұрғындар жаппай қырғынға ұшыраған болуы мүмкін" деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG