Accessibility links

Кубаның танымал боксшысы қайтыс болды


Кубаның атақты боксшысы Теофилио Стивенсон.

Кубаның атақты боксшысы Теофилио Стивенсон.

Кубаның ауыр салмақтағы танымал боксшысы, үш рет олимпиада чемпионы болған Теофилио Стивенсон 60 жасында қайтыс болды.

1972 жылы 20 жасында - Мюнхен, 1976 жылы - Монреал, 1980 жылы Мәскеу олимпиадасының чемпионы болған Стивенсон өз кезеңінің ең атақты боксшысы атанды.

1976 жылғы олимпиада ойындарынан соң АҚШ-тың бокс промоутерлері оған "кәсіпқой боксқа ауысып, ауыр салмақтағы әлем чемпионы Мұхаммед Әлимен күш сынас" деп 5 миллион АҚШ долларын ұсынған. Бірақ Стивенсон кәсіпқой боксқа тыйым салынған коммунистік Куба еліне адал болып қала беретінін айтып, ұсыныстан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG