Accessibility links

Ақтөбеде 60 шақты киіктің өлексесі табылды


Киік. Көрнекі сурет

Киік. Көрнекі сурет

Ақтөбе облысында 60 шақты өлі киік табылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өкілдері киік текелерінің өлексесі жатқан маңнан жол талғамайтын көліктің іздері мен 12-калибрлі гильзаларды көрген.

Мүйізі кесілген киік текелері табылған маң Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Сарат және Қырыққұдық ауылдарының арасы. Бұл - бөкендердің Бетпақдала популяциясы мекендейтін аумақ.

Биыл сәуір айында киік басын санаған «Охотзоопромның» мамандары Бетпақдала популяциясында 110 мың бас киік бар деген болатын. Ал киіктердің өлексесі табылған Сарат ауылының әкімі Тынышқали Сәрсенхалықов: «Соңғы жылдары жүз қаралы киік мүлдем көрмейтін болдық. Ішінара оншақты бастан кездестіретініміз рас» деді.

Сарат пен Қырыққұдық ауылдарының арасы 28 шақырым. «Ауылымызда учаскелік инспектор жоқ. Жасы зейнеткерлікке жетіп, отставкаға кетті. Бірақ, ауылымыз бұрын- соңды тыныш болатын» деді екі елді мекенге ортақ басшы Тынышқали Сәрсенхалықов.

Қазір киік текелерінің өлексесі табылған жерде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның жедел тексеру тобы жұмыс істеп жатыр.
XS
SM
MD
LG