Accessibility links

Варшавада Ресей мен Польша фанаттары жанжалдасты


Варшаваның Ұлттық стадионының сыртындағы Ресей мен Польша фанаттары арасындағы төбелес. Польша, 12 маусым 2012 жыл.
Варшаваның Ұлттық стадионының сыртындағы Ресей мен Польша фанаттары арасындағы төбелес. Польша, 12 маусым 2012 жыл.
Варшавада Еуропа кубогының Ресей мен Польша құрамаларының матчы өтер алдында қауіпсіздік шараларының күшейгеніне қарамастан футбол фанаттарының арасында жанжал болды.

Хабарларға қарағанда, жанжал Варшавадағы Ұлттық стадионның маңында бес мыңға тарта Ресей фанаттары ұлттық мереке - Ресей күні құрметіне өткізген марш кезінде туындаған. Бірнеше адам жараланып, үш адам қамауға алынған.

Ойын кезінде стадионда 10 мыңға тарта Ресей жанкүйері мен 30 мыңға жуық Польша жанкүйерлері болды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 6 мың полицей тартылды.

"А" тобына кіретін екі команда арасындағы ойын тең есеппен аяқталды - 1:1. Бұған дейін осы топтағы Чехия құрамасы Грекияны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Енді топ мүшелері бір-бір матчтан ғана ойнайды. Келесі кезеңге мықты екі команда ғана шығады. Қазір топ құрамында ұпай саны бойынша Ресей құрамасы алда тұр. Одан кейін Чехия құрамасы келеді.
XS
SM
MD
LG