Accessibility links

Тунисте коменданттық сағат жарияланды


Тунисте сот үйінің алдында салафиттік қозғалыс жақтастары шерулетіп тұр. Тунис, 23 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Тунисте сот үйінің алдында салафиттік қозғалыс жақтастары шерулетіп тұр. Тунис, 23 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Тунистің сегіз провинциясында, оның ішінде ел астанасында соңғы уақыттары болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты коменданттық сағат енгізілді.

Ресми билік "тәртіпсіздіктерге әсіре консервативті салафиттер кінәлі" дейді. Қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің бірлесе жасаған мәлімдемесінде коменданттық сағат елдің оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс аудандарында, ел астанасы Тунис пен оның айналасында кешкі сағат тоғыздан таңғы сағат беске дейін енгізілетіні айтылған.

Бұған дейін болған бүлікте көтерілісшілер елдің солтүстігінде сот ғимараттарын өртеп, полиция бекеттеріне шабуыл жасаған. Билік тұтқындалған тәртіпсіздік жасаушылар антитеррорлық заң бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Жаңа тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық Тунистің бейбіт мұсылмандары арасында үрей туғызып отыр. Себебі өткен жылы бұрынғы президент Зин әл-Әбидин бен Әли биліктен қуылғаннан бері елде радикалды қозғалыстар күшейіп келе жатыр.
XS
SM
MD
LG