Accessibility links

Патриоттар Серік Сапарғалиды босатуға шақырды


Экономист Мұхтар Тайжан баспасөз жиынында. Алматы, 13 маусым 2012 жыл.
Экономист Мұхтар Тайжан баспасөз жиынында. Алматы, 13 маусым 2012 жыл.
Сәрсенбіде Алматыда бір топ ұлт патриоттары қамаудағы оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалиды босатуды талап еткен және Қазақстанның Ресеймен интеграциясына қарсы шыққан баспасөз жиынын өткізді.

Жиынға қоғамдық белсенділер Мұхтар Тайжан, Төлеубек Қарамендин және Кемелхан Әділханов қатысты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар Серік Сапарғалиға тағылған "әлеуметтік араздықты қоздырды" және "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі" деген айыптардың жалған екенін айтты.

Мұнан соң олар жазушылар Сапабек Әсіп, Софы Сматаев, Көпбосын Панзабекұлы, Ғаббаш Қабышұлы және экономист Мұхтар Тайжанның атынан президентке Сапарғалиды дереу босатуды сұрап, хат жолдады.

Патриоттар Путиннің соңғы сапарында жасаған келісімдеріне де наразы екендерін білдірді. Олар Батыс Қазақстанда атом электр станциясының салынуына қарсы екендерін айтып, Путиннің сапары кезінде Ресейдің құрлықаралық зымыранының Сарышағандағы нысанаға атылуын айыптады.
XS
SM
MD
LG