Accessibility links

Дін істері агенттігі 34 сайтты экстремистік деп таныды


Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп.
Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп.
Дін істері агенттігі 34 шетелдік сайтты экстремистік материалдар таратады деп таныды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Үкімет жанындағы діни ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында сөйлеген агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп енді бұл сайттарға қатысты бас прокуратура шешім қабылдайтынын айтты.

Лама Шәріптің айтуынша, агенттік құрылғалы 1 мыңға тарта діни материал сараптамадан өткен. "Сараптама нәтижесі бойынша, заңға қайшы немесе таратылмау қажет деп танылған 93 әдебиетке тиісті шара қолданылады" деді ол.
XS
SM
MD
LG