Accessibility links

Иракта жарылыстардан 44 адам қаза тапты


Бағдадта жарылған көлік. Ирак, 13 маусым 2012 жыл.

Бағдадта жарылған көлік. Ирак, 13 маусым 2012 жыл.

Иракта полицейлер мен мұсылман шииттерге діни жоралғысын жасау кезінде шабуыл жасалып, жиыны 50 адам қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Бағдадта шииттер құрмет тұтатын имам - Мұхаммед пайғамбардың шөбересі Мусса әл-Хадимнің қайтыс болған күнін еске алу үшін оның зиратына бара жатқан жолда төрт жарылыс болған. Одан 18 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Елдің оңтүстігіндегі Хилла қаласында полицейлер жиі келетін мейрамхананың жанында мина қойылған екі көлік жарылып, 22 адам қаза тапқан, 38 адам жараланған.

Тағы төрт адам негізінен шииттер мекендейтін Балад қаласында мина қойылған екі көлік жарылғаннан мерт болды.

Бұдан бұрын болған жарылыстарға жауапкершілікті Ирак үкіметін басқаратын саны көп шииттерді нысанаға алып жүрген "Әл-Қаида" ұйымы мойнына алған еді.
XS
SM
MD
LG