Accessibility links

ҰҚК Болат Атабаевты Жаңаөзенге тергеуге шақырды


Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтағы онлайн-конференцияда отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтағы онлайн-конференцияда отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Театр режиссері Болат Атабаев Азаттық радиосында онлайн-конференцияға қатысып отырған кезде ҰҚК-нің Нұрғалиев есімді қызметкері келіп, оған "ертең, 14 маусымда Жаңаөзен қаласына тергеуге келуге шақыру қағазын" тапсырды.

Болат Атабаев Жаңаөзенге барудан бас тартатынын айтып, ҰҚК берген құжатқа қол қойып берді.

Режиссер мамырдың 23-інде Жаңаөзенге тергеуге шақырылған. Ол маусымның 5-і күні Facebook әлеуметтік желісінде "Лас қолдарыңызды бос қойдым - мені сотсыз, 1937 жылдағыдай сыртымнан соттап жібере аласыздар! Сотсымақтарыңызға қатысып, оны заңды процесс етіп көрсетуге құлқым жоқ" деп, тергеуге өз еркімен бармайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG