Accessibility links

"В" тобында Германия алға шықты


Еуропа чемпионатындағы ойындардың бірінен көрініс. Көрнекі сурет.
Еуропа чемпионатындағы ойындардың бірінен көрініс. Көрнекі сурет.
Еуропа кубогы ойындарында сәрсенбіде "В" тобындағы Германия Нидерландымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Екі голды Марио Гомес, бір голды Робин ван Перси соқты. Осымен чемпионаттағы үшінші голын салған Марио Гомес Ресей құрамасының шабуылшысы Алан Дзагоевты қуып жетті.

Осы ойыннан соң 6 ұпай жинаған Германия құрамасы топта көш бастап тұр. Одан кейінгі орында - 3 ұпайлары бар Португалия мен Дания. Нидерланды құрамасында ұпай жоқ.

Матч Украинаның Харьков қаласында өтті.

Бейсенбіде "С" тобындағы құрамалар кездеседі. Польшаның Познань қаласында Хорватия мен Италия, Гданьск қаласында Испания мен Ирландия ойнайды. Бұл топта Ирландияны 3:1 есебімен ұтқан Хорватия 3 ұпаймен алда тұр. Тең ойнаған Италия мен Испанияда бір-бір ұпайдан бар.
XS
SM
MD
LG