Accessibility links

Қырғыз арнайы қызметі мүфтиятты айыптады


Мешітте дұға оқып отырған жас бала мен қария. Көрнекі сурет.

Мешітте дұға оқып отырған жас бала мен қария. Көрнекі сурет.

Қырғызстанның арнайы қызметі елдегі жоғарғы діни орган - мүфтиятты "қырғыз балаларын Бангладештегі діни медреселерге заңсыз түрде жіберіп жатыр" деп айыптады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, Нарын облысында соңғы бір жылда жоғалған 10-15 жастағы бірнеше бала шетелге діни оқуға жіберілген болуы мүмкін. Қауіпсіздік қызметі бұған Бішкектің орталық мешіті мен "Таблиғи Жамағат" ұйымының да қатысы бар дейді. Бірақ мүфтият пен мешіт басшылығы әзірге айыптауларға ресми түрде түсінік берген жоқ.

Нарын облысы басшылығы соңғы жылдары бірнеше баланың жоғалып кеткенін растады.

Арнайы қызмет бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Бірақ қылмыс жайлы егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG