Accessibility links

Путин: Жанкүйерлер қауіпсіздігіне ұйымдастырушы жауапты


Варшавада Ресей мен Польша құрамаларының жанкүйерлері арасындағы төбелес. Польша, 12 маусым 2012 жыл.

Варшавада Ресей мен Польша құрамаларының жанкүйерлері арасындағы төбелес. Польша, 12 маусым 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Польша премьер-министрі Дональд Тускпен телефон арқылы сөйлесіп, "футбол жанкүйерлерінің қауіпсіздігіне чемпионатты ұйымдастырушылар жауап беруі керек" деді.

12 маусымда Варшавада Ресей мен Польша құрамалары жанкүйерлерінің арасында жанжал болған еді. УЕФА бұдан бұрын, өткен жұмада Ресей футбол ассоциациясына Вроцлавта Ресей мен Чехия құраламары арасындағы матч кезінде ресейлік жанкүйерлердің тәртіпсіздік жасағаны үшін 120 мың еуро айыппұл салған еді.

УЕФА бұған қоса Ресей құрамасынан келесі іріктеу ойындарында 6 ұпай шегеріп тастайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG