Accessibility links

Венесуэла Иранмен бірігіп пилотсыз ұшақ жасап жатыр


Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес өз елінің Иранның көмегімен пилотсыз ұшақ жасап жатқанын мәлімдеді.

Венесуэла басшысы ұшақ қорғанысқа арналғанын және оны жасауға Ресей, Қытай және басқа да мемлекеттер көмектесіп жатқанын айтты. Қазірге дейін барлығы төрт ұшақ жасалған. Ұшақты жасаумен айналысып жатқан инженерлер Иранда оқыған.

Чавес АҚШ-ты ұнатпайды және Иранмен саяси-әскери байланыс орнатқан. Таяуда ғана испан және америкалық ақпарат құралдары "Ақ үй Венесуэланың пилотсыз ұшақ жасаумен айналысып жатқанынан хабар" деп жазған еді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд Вашингтонның мұны жіті бақылауға алғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG