Accessibility links

Болат Атабаевты ҰҚК ұстап әкетті


Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттық бюросында онлайн-конференция өткізіп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттық бюросында онлайн-конференция өткізіп отыр. Алматы. 13 маусым, 2012 жыл.

Театр режиссері Болат Атабаевты ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері ұстап әкетті. Бұл туралы Атабаевтың өзі Азаттық тілшісіне телефон соғып хабарлады. Режиссердің айтуынша, ҰҚК қызметкерлері оны Алматыдағы Қарасай батыр көшесіндегі тергеу изоляторына әкелген.

- Мені ұстаған Күзембаев пен Нұрғалиев есімді ҰҚК-нің жедел уәкілдерінің айтуынша, кеше маған тағылған айып бойынша сот Алматыдан шықпау туралы шешімді тұтқындау туралы шешімге ауыстырған екен. Мені сол бойынша тұтқындапты, - деді Атабаев.

Ал ҰҚК-нің Болат Атабевты ұстап әкеткенін көрдік деген оның көршісі Олег Кусков:

- Болат Атабаевты таңертеңгі сағат 10-ның шамасында үйінен сыртқа шығып бара жатқанда түсі көк, мемлекеттік нөмірі 055 деген Toyota Runner көлігімен келген үш жігіт ұстап әкетті. Көршілер шу шығарған еді, әлгілер бізге өздерінің ҰҚК-ден екенін айтып, шу шығармауымызды сұрады, - дейді Кусков.
XS
SM
MD
LG