Accessibility links

Жоғарғы сот өкілі Арқанкерген соты ашық өтеді деп санайды


Алматы облысы Үшарал қаласындағы ҰҚК-нің шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
Алматы облысы Үшарал қаласындағы ҰҚК-нің шекара заставасы. 31 мамыр 2012 жыл.
"Арқанкерген шекара постындағы оқиға бойынша сот ашық өтеді" дейді жоғарғы соттың сот бақылау алқасының төрағасы Хабидула Шаухаров. Ол бұл туралы жұма күні "Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің тілшісіне айтқан.

"Меніңше, сот ашық өтеді әрі оқиға болған аймақ - Талдықорғанда болады" деді Шаухаров жоғарғы соттың пленарлық отырысынан соң.

30 мамыр күні Алматы облысы Алакөл ауданындағы «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Сарыбөктер заставасына қарасты Арқанкерген постында 14 шекарашы мен бір қорықшы өлі күйінде табылған еді. Бас прокуратура өкілі бірнеше күннен соң табылған, тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах әскери қызметтестерін "өзі өлтіргенін мойындады" деп хабарлаған. Челахтың туыстары бұл айыптауға сенбейтіндерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG