Accessibility links

ҰҚК-ден "Атабаев пен Мамайды қудаламауды" талап етті


Белсенділер баспасөз мәслихатынан кейін Атабаев пен Мамайды қудаламауды талап етіп тұр. Алматы, 15 маусым 2012 жыл.
Белсенділер баспасөз мәслихатынан кейін Атабаев пен Мамайды қудаламауды талап етіп тұр. Алматы, 15 маусым 2012 жыл.
Маусымның 15-і күні қоғамдық белсенділер Алматы қалалық ҰҚК департаментінің тергеу абақтысының алдына жиналды. Олар таңертең қамалған Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қудаламауды талап етті.

Он шақты адам қуғынды тоқтатуды талап еткен ұран жазылған плакаттар ұстап, биліктің бұл әрекетін айыптады.

Жиналғандар ҰҚК тарапынан ешкім жауап бермегеннен кейін, тарқап кетті.

Бүгін Төлеген Жүкеев, Әміржан Қосанов, Ермұрат Бәпи және т.б. оппозиция белсенділері баспасөз мәслихатын өтікізіп, Болат Атабаев пен Жанболат Мамайды қорғау қоғамдық комитетінің құрылғанын жариялады. Осы жиыннан кейін олар қолдарына ұран жазылған плакаттар ұстап, ҰҚК тергеу абақтысына дейін бірнеше көшемен жүріп өтті.

Театр режиссері, қоғамдық белсенді Болат Атабаев пен «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды ҰҚК маусымның 15-і күні таңертең үйлерінен ұстап, қамап тастады.
XS
SM
MD
LG