Accessibility links

Аун Сан Су Чжи Норвегияда сөз сөйледі


Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи Бернде өткен баспасөз мәслихатында. Швейцария, 14 маусым 2012 жыл.
Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи Бернде өткен баспасөз мәслихатында. Швейцария, 14 маусым 2012 жыл.
Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи өзіне 1991 жылы берілген Нобель сыйлығын алып, сөз сөйлеу үшін Ослоға барды.

Су Чжи "үйқамақта отырғанда алған бұл сыйлығы көңілін серпілткенін, халықаралық қауымдастық өз еліндегі демократиялық өзгерісті талап ететініне сендіргенін" айтты.

Аун Сан Су Чжи 1989 және 2010 жылдар аралығында жиыны 15 жыл үйқамақта отырған.

Оған 1991 жылы Нобель сыйлығы берілгенде марапаттау рәсіміне ұлдары Ким мен Александр қатысқан. Су Чжи сыйлықтың біраз бөлігін – 1 миллион 300 мың долларды Мьянма халқының денсаулығы мен білімі қорын құруға жұмсайтынын мәлімдеген.

Саясаткер Норвегияда үш күн болады. Норвег премьер-министрі Йенс Стольтенбергпен кездескен Су Чжи бұл елдің демократия жолында Мьянмаға көрсеткен көмегіне рахмет айтты.

Бұл - отанында ұзақ жылдар бойы үйқамақта отырған Су Чжидің Еуропаға 24 жылдан бергі алғашқы сапары. Мьянмада өткен жылғы саяси өзгерістерден соң әскери режим жарым-жартылай либералданған соң ғана оның шетелге шығуына мүмкіндік туды.
XS
SM
MD
LG