Accessibility links

Apple-дің сирек компьютері аукционда сатылды


Apple 1 компьютері.

Apple 1 компьютері.

Apple 1 компьютерінің 1976 жылы жасалған сирек нұсқасы Sotheby's аукционында 374 мың 500 долларға сатылды. Бұл баға компьютердің өз құнынан 500 есе артық. Бүгін сатылған аспап - компанияны құрушылар Стив Джобс пен Стив Возняк жасаған алғашқы 200 компьютерден қалған 50 машинаның әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған алтауының бірі.

Apple 1 әуелі Калифорнияда 666 доллар 66 центке сатылған. 2010 жылы италиялық коллекционер Стив Джобстың өзі растап қол қойған сертификаты бар осындай компьютерді 212 мың долларға сатып алған.
XS
SM
MD
LG