Accessibility links

Жапония екі ядролық реакторын қайта қоспақ


Жапония премьер-министрі Ёсихико Нода. Токио, 29 тамыз 2011 жыл.

Жапония премьер-министрі Ёсихико Нода. Токио, 29 тамыз 2011 жыл.

Жапония премьер-министрі Ёсихико Нода өткен жылы "Фукусима-Дайичи" АЭС-інде болған апатқа байланысты жұмысы тоқтатылған 50 ядролық реактордың екеуін қайта іске қосуға бұйырды.

Нода бұған дейін жаз кезінде электр қуатына сұраныс өсуіне байланысты тапшылық болмауы керек деп мәлімдеген еді. Үкіметтің шешіміне сәйкес, Киото маңындағы АЭС-тің екі реакторы қайта қосылады.

Жер сілкінісі мен цунами кесірінен "Фукусима-Дайичи" АЭС-інде болған оқиға - 1986 жылғы Чернобыль АЭС-і жарылысынан кейінгі ең ірі апат.

Жапонияда атом қуатынан бас тартушылар да көп.
XS
SM
MD
LG