Accessibility links

Канада соты: "Эвтаназияға тыйым - конституцияға қайшы"


14 жасында апатқа ұшырағаннан бері жасанды аспап көмегімен өмір сүріп жатқан 36 жастағы поляк азаматы. (Көрнекі сурет)

14 жасында апатқа ұшырағаннан бері жасанды аспап көмегімен өмір сүріп жатқан 36 жастағы поляк азаматы. (Көрнекі сурет)

Канададағы Британ Колумбиясы провинциясының жоғарғы соты "дәрігерлердің дерті дауасыз адамды өз өтініштері бойынша өлтіруіне тыйым салатын заң - конституцияға қайшы" деген шешім шығарды.

Судья Линн Смиттің қаулысына сәйкес, сотқа арызданған ауыр науқас бес адамның бірі Глория Тейлор дәрігерлердің көмегіне жүгініп, өмірден өз еркімен кете алады. Бірақ дәрігер бұған дейін науқасқа диагнозын, аурудың бет алысын, емдеу амалдарын да айтуы керек.

Атқарушы билік өкілдері Тейлорға байланысты сот шешімі "негізгі қоғамдық құндылықтарға қайшы" екенін айтады.
XS
SM
MD
LG