Accessibility links

АҚШ Йемен мен Сомалиде операция өткізгенін растады


Полиция "аш-Шабаб" ұйымы мүшесін тұтқындап жатыр. Сомали, 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Полиция "аш-Шабаб" ұйымы мүшесін тұтқындап жатыр. Сомали, 23 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі "америка әскері Йемен мен Сомалиде исламшыл содырларға қарсы операция өткізіп жатыр" деген хабарды растады.

АҚШ конгресінің шетелдегі рейдтер жайлы баяндамасында бұл әскери операциялар "тікелей әсер ету" акциясы деп аталады. Баяндамада операцияның егжей-тегжейі айтылмаған.

Йеменге орнығып алған "Араб жарты аралындағы "әл-Қаида" ұйымы баяндамада "әл-Қаидамен" байланысы бар аса қауіпті құрылым" деп аталған.

АҚШ әскері Сомалидегі "әл-Қаидамен" байланысы бар "аш-Шабаб" ұйымы содырларына да шабуыл жасап жатыр.
XS
SM
MD
LG