Accessibility links

Сирияда үкімет әскері Дамаск маңын атқылады


Сириядағы орыс танкілері. 13 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сириядағы орыс танкілері. 13 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сирияда жұмадан сенбіге қараған түні үкімет әскері Дамаск қаласының солтүстік шетін, қарулы оппозиция жасақтары жиналған маңды атқылады.

Сирия құқық қорғаушыларының айтуынша, кем дегенде жеті адам мерт болған. Бүгін Сирияның өзге аудандарындағы қақтығыс кесірінен тағы 11 адам қаза тапты.

Ел президенті Башар әл-Асадқа қарасты әскер қарулы оппозиция өкілдері көп шоғырланған Хомс уәлаятын тінтіп, адамдарды тұтқындап жатыр.

Франция кеше "халықаралық елші Кофи Аннанның бейбіт келісім жоспары орындалмаса, әл-Асад билігіне қарсы жаққа әскери емес жүк жеткізетінін" мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ "Сирия оппозициясына қару жеткізді" деп, ал Ресей "Башар әл-Асад жақтастарына қару-жарақ апарды" деп айыпталған.
XS
SM
MD
LG